2 күн бұрын
«Реал Мадрид» клубы Италия чемпионатының үздік ойыншыларының бірін қатарға қосады
Мадридтің «Реалы» академия түлегі Нико Пасты «Комодан» қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол 2024 жылдың жазында осы клубқа ауысқан болатын. «Корольдік клуб» өз ниетін барлық тараптарға ресми түрде хабарлаған.
Ақпаратқа сәйкес, испандық алпауыт 30 мамырға дейін кері сатып алуды пайдалана алады. Бұған дейін БАҚ-та Пасты 2026 жылы «Реал» үшін қайта сатып алу сомасы 9 миллион еуро болатыны айтылған.
Осы маусымда 21 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 37 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Оның қазіргі клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 65 миллион еуроға бағаланған.
«Реал Мадрид» клубының футболшыларының тең түскеннен кейінгі эмоциясы белгілі болды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов