18 сағат бұрын
«Барселона» Роберт Левандовскиге қатысты шешім қабылдады
Фото: goal.com
Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски биылғы маусымнан кейін Испанияның «Барселона» командасы сапынан кетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шабуылшы испаниялық клуб сапына 2022 жылы қосылды. Содан бері 128 кездесуде 81 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Сондай-ақ 37 жастағы футболшы оған дейін Польшаның «Лех», Германияның «Боруссия Дортмунд», «Бавария» клубтарында доп тепті.
Ал Польша құрамасы сапында 2008 жылдан бері 165 кездесуде 89 мәрте мергендік танытты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан