7 сағат бұрын
Қазақстан Кубогы: 1/8 финалға барлық төрешілер тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және инспекция департаменті Кубок Қазақстаны-2026 турнирінің 1/8 финал матчтарына қызмет көрсететін төрешілер бригадаларын бекітті.
Жарыстың бұл кезеңіндегі ойындар 29–30 сәуір күндері өтеді. Барлық кездесулерде бас төрешілермен қатар ассистенттер, резервтік төрешілер және VAR жүйесінің мамандары жұмыс істейді.
29 сәуір күнгі матчтар
«Оқжетпес» — «Жеңіс»
Бас төреші: Сахи Данияр (Қызылорда)
VAR: Сариев Булат (Орал)
«Ертіс» — «Қызылжар»
Бас төреші: Затула Александр (Өскемен)
VAR: Байымбет Сәкен (Тараз)
«Атырау» — «Жетісу»
Бас төреші: Искаков Марат (Астана)
VAR: Карабаев Саят (Астана)
«Астана» — «Тобыл»
Бас төреші: Тевяшов Денис (Орал)
VAR: Султанғалиев Руслан (Атырау)
«Қайсар» — «Қайрат»
Бас төреші: Чеховский Георгий (Астана)
VAR: Талапкеров Нариман (Орал)
30 сәуір күнгі матчтар
«Алтай» — «Ұлытау»
Бас төреші: Тасыбаев Айдын (Астана)
VAR: Ткачев Кирилл (Алматы)
«Ордабасы» — «Каспий»
Бас төреші: Абдуллаев Багдат (Тараз)
VAR: Молтусинов Антон (Өскемен)
«Ақтөбе» — «Елімай»
Бас төреші: Горда Данил (Көкшетау)
VAR: Измайлов Денис (Талдықорған)
1/8 финал матчтарында VAR жүйесі толық қолданылып, еліміздің әр өңірінен тәжірибелі төрешілер тартылды. Жеңімпаз командалар ширек финалға жолдама алады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан