Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

27.04.2026

Біржан Оразов алдағы мансабы жөнінде пікірін білдірді

Біржан Оразов алдағы мансабы жөнінде пікірін білдірді

Фото: Біржан Оразовтың жеке парақшасы

Алматылық «Қайрат» футзал командасының ойыншысы Біржан Оразов алдағы мансабы жөнінде ойын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Соңғы жаңалықтарға байланысты ресми мәлімдемемді жасағым келеді. Шынын айтсам, бұл жаңалықты өзім ресми түрде жариялап, маусым соңында жанкүйерлермен әдемі қоштасқым келген еді. Алайда ақпарат пабликтерде ертерек тарап кетті. Барлық жанкүйерлеріммен осы уақытқа дейін әрқашан шынайы болдым және солай қала беремін. Сондықтан бұл шешімді сіздерге өз аузымнан жеткізуді дұрыс деп санадым, - леп жазды ол.

Сондай-ақ ол команданың өз өмірінде маңызды мәнге ие болғанын айтады.

- Соңғы 8 жыл бойы АФК «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, осы клубтың бір бөлшегі болдым. Клубтан кету туралы шешім қабылдадым. Бұл менің жеке шешімім. Өзіме жаңа белес, жаңа сынақ қоюды жөн көрдім. Осы жылдар ішінде бірге еңбек еткен барлық жаттықтырушыларға, медициналық штабқа, клуб басшылығына және әрдайым қолдау білдірген жанкүйерлерге шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін әрдайым ерекше болды. Осы маусымды соңына дейін командамен бірге аяқтаймын, Алда жаңа мақсаттар, жаңа команда және жаңа жеңістер, - деп толықтырды сөзін.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан