4 сағат бұрын
Қазақстан U-16 әйелдер құрамасы УЕФА даму турниріне құрамын жариялады
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы УЕФА-ның халықаралық даму турниріне қатысады. Жарыс Алматы облысы, Талғар қаласында орналасқан ұлттық құрамалар базасында өтеді.
Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония, Израиль және Өзбекстан құрамалары да қатысады. Ойындар 2, 4 және 8 мамыр күндері өтеді.
Команда 25 сәуір күні Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Қазақстан U-16 құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Ақнұр Жақсыкелді, Екатерина Алещенко (екеуі де — «Қайрат»), Айша Шәріп («Астана»)
Қорғаушылар: Каусар Алпысбай, Динара Дүрмекбаева, Елизавета Остертак, София Яшкова (барлығы — «Қайрат»), Сабина Айтжанова, Валерия Косарева («Ертіс»), Айнель Сманова («Астана»), Анастасия Шерстнёва («Тобыл»)
Жартылай қорғаушылар: Айнұр Ануарбек, Нұрай Болатова («Жетісу»), Саида Дүйсембаева («Шахтер»), Оксана Никитченко («Қайрат»), Алина Сартаева («Тобыл»), Даяна Төлебаева («Ақтөбе»), Жібек Марат («Зенит-Аланья», Түркия)
Шабуылшылар: Айжан Есіркепова («Ақтөбе»), Зарема Максот, Софья Рыбак (екеуі де — «Астана»), Милена Николенко, София Ягудина (екеуі де — «Қайрат»), Тахмина Ташбоева («Тараз»), Балжан Төлеміс («Жетісу»)
Команданың бас бапкері — Юлия Мамонова.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан