Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

«Қайрат» матчындағы даулы голға төреші баға берді

«Қайрат» матчындағы даулы голға төреші баға берді

Ұлттық санаттағы төреші Әлібек Әубәкіров Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында өткен «Қайрат» – «Елімай» матчы кезіндегі төрешілік қателіктерге қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, кездесудің 12-минутында «Елімай» шабуылы кезінде ойын ережесі бұзылған. Оның сөзінше, гол соғылар сәт алдында семейлік клуб ойыншысы Свиридов «Қайрат» футболшысы Оксаненді қолымен ұстап, допқа таласта артықшылыққа ие болған.

Соған қарамастан бас төреші Булат Сариев голды есепке алған. Ал VAR төрешісі Александр Затула бұл шешімді растаған.

Әубәкіровтің пікірінше, бейнеқайталау жүйесі бас төрешіні эпизодты қайта қарауға шақыруы керек еді. Дұрыс шешім — «Елімайдың» голын есепке алмау және «Қайраттың» пайдасына айып алаңынан тыс жерден еркін соққы белгілеу.

Еске салсақ, жеті турдан кейін «Қайрат» 15 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Сондай-ақ «Ордабасыда» 15 ұпай бар, ал «Елімай» 13 ұпаймен үшінші орында келеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан