12 сағат бұрын
«Реал Мадрид» Жозе Моуринью үшін қанша ақша шашуға дайын?
«Бенфика» бапкері Жозе Моуринью «Реал Мадрид» клубының бас бапкері қызметіне негізгі үміткер болып отыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Клуб президенті Флорентино Перес 63 жастағы маманды осы жазда қайта шақыруды жоспарлап, жағдайды толықтай бақылап отыр. The Athletic мәліметінше, трансфер жүзеге асу үшін «Бенфикаға» 3 миллион еуроға дейін өтемақы төленуі мүмкін.
Португалиялық бапкер бұған дейін 2010–2013 жылдар аралығында «Реалды» жаттықтырған. Сол кезеңде ол үш трофей жеңіп алған: Ла Лига, Испания Кубогы және Испания Суперкубогы. 2011 жылы Моуринью ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік бапкері атанған.
Қазіргі таңда команданы Альваро Арбелоа жаттықтыруда. Ол биыл қаңтарда қызметке келген және бұрынғы бапкер Хаби Алонсоны алмастырған.
«Реалды» басқаруы мүмкін бапкерлердің рейтингісі жарияланды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов