28.04.2026
«Қайрат» клубына келуі мүмкін бапкер Ресей командасынан қомақты ақша алады
«Пари Нижний Новгород» клубы Беларусь маманы Алексей Шпилевскийге келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін 20 миллион ресей рублін (122 млн теңге) төлейді, деп хабарлайды Sport12.kz Sport Baza телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, бапкер мен клуб басшылығы арасындағы келіссөздер кеше өткен. Онда ынтымақтастықты тоқтату шарттары талқыланған. Бастапқы келісімшартта 70 миллион рубль көлемінде айыппұл қарастырылған. Алайда клуб оны азайтуды көздеген. Шпилевский ұзақ уақыт келісім бермегенімен, соңында тараптар ортақ шешімге келген.
Беларусь маманы «Пари НН» клубын 2025 жылдың маусым айында қабылдап, үш жылдық келісім-шартқа қол қойған. Ресей Премьер-лигасы аяқталуына үш тур қалғанда, Нижний Новгород клубы турнир кестесінде соңғы жағында тұр.
Айта кетейік, Алексей Шпилевский болашақта алматылық «Қайратқа» оралуы әбден мүмкін.
Бактиер Зайнутдинов жасыл алаңға қашан шығады?
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов