28.04.2026
Жозе Моуриньо «Реал Мадридке» 13 жылдан кейін қайта орала ма?
Фото: sabah.com.tr
Португалиялық маман Жозе Моуриньо Испанияның «Реал Мадрид» клубы бас бапкері қызметіне қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір корольдік клуб бас бапкер іздеуге кірісіп кетті. Бұл команданың сәтсіз ойын көрсетуіне байланысты қабылданып отыр.
Айта кетсек, Жозе Моуриньо испаниялық клуб тізгінін 2010-2013 жылдары ұстаған еді. 2011/2012 жылғы маусымда ол «Реал Мадрид» клубымен бірге Испания чемпионы атанса, бір жыл бұрын Испания кубогын төбесіне көтерді.
Сондай-ақ ол Испания суперкубогына ие болды.
Еске салсақ, Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысушы елдер үшін жүлде сомасын ұлғайту туралы шешім қабылдады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан