Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалы басталады

Футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалы басталады

Фото: ҚФФ

Ертең футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының ойындары басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойындар 29 және 30 сәуір күндері өткізіледі. Алдымен 29 сәуірде бес ойын болса, қалғаны үшеуі 30 сәуірге жоспарланған.

Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алды. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатысты. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталды.

Енді 1/8 финалда «Қайсар» (Қызылорда), «Тобыл» (Қостанай), «Атырау», «Ордабасы» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы), «Астана», «Елімай» (Семей), «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Алтай» (Өскемен), «Ақтөбе», «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау), «Қызылжар» (Петропавл) сынға түседі.

29 сәуір (сәрсенбі)

14:00. «Оқжетпес» — «Жеңіс»

15:00. «Ертіс» — «Қызылжар»

16:00. «Атырау» — «Жетісу»

18:00. «Астана» — «Тобыл»

20:00. «Қайсар» — «Кайрат»

30 сәуір (бейсенбі)

15:00. «Алтай» — «Ұлытау»

18:00. «Ордабасы» — «Каспий»

20:00. «Ақтөбе» — «Елімай».

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) — 1 мәртеден жеңімпаз атанды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан