5 сағат бұрын
Қазақстан Кубогінің ширек финалына кімдер өтеді?
29 сәуір күні ел кубогінің кезекті сатысында бес кездесу жанкүйерлер назарына ұсынылады. Алғашқы ойында «Оқжетпес» пен «Жеңіс» сағат 14:00-де алаңға шығады. Одан кейін 15:00-де «Ертіс» пен «Қызылжар» өзара мықтыны анықтайды.
16:00-де «Атырау» мен «Жетісу» кездессе, кешкі 18:00-де «Астана» мен «Тобыл» арасындағы тартыс өтеді. Күннің соңғы матчында 20:00-де «Қайсар» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды.
Бұл кезеңдегі ойындар жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр, себебі кубоктік матчтарда тосын нәтижелер жиі тіркеледі.
Айта кетейік, былтырғы маусымда Қазақстан кубогінің иегері Қостанайлық «Тобыл» командасы финалда «Ордабасыны» жеңген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан