4 сағат бұрын
ҚФФ: Премьер-лига командаларына айыппұл мен ескертулер берілді
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы 2026 жылғы 22 сәуірде өтті. Жиында Премьер-лига матчтарындағы бірқатар тәртіп бұзушылықтар қаралды.
«Қайсар» – «Алтай»
«Алтай» клубы матч барысында бес ойыншысының ескерту алуына байланысты 100 МРП көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар «Қайсар» жанкүйерлерінің тәртіп бұзуы және матчтың кеш басталуы үшін 60 МРП айыппұл салынды.
«Елімай» – «Астана»
Матчтың 2 минутқа кеш басталуына байланысты «Елімай» клубына ескерту берілді.
«Ордабасы» – «Атырау»
Төрешілер бригадасының көлік кіргізу талаптарының сақталмауына байланысты «Ордабасы» клубы да ескерту алды.
«Ертіс» – «Жетісу»
Матчтағы қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мен техникалық кемшіліктер үшін «Ертіс» клубына 60 МРП айыппұл салынды.
«Атырау» – «Қызылжар»
«Қызылжар» бапкерінің көмекшісі Иван Евич төрешіге қарсы әдепсіз сөздер айтқаны үшін 4 матчқа дисквалификацияланды.
«Ұлытау» – «Тобыл»
Қауіпсіздік және ұйымдастыру талаптарының бұзылуына байланысты «Ұлытау» клубы 60 МРП айыппұл төлеуге міндеттелді.
ҚФФ тәртіптік комитеті барлық клубтарға ереже талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан