3 сағат бұрын
ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ережесіне өзгеріс енгізді
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ванкуверде өткен жиында 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты ережеге өзгеріс енгізді.
Жаңа ереже бойынша, сары қағаздар енді екі кезеңде жойылады: біріншісі — топтық кезеңнен кейін, екіншісі — ширек финалдан соң. Бұл шешім турнирдің кеңейтілген форматымен байланысты қабылданды.
Бұған дейін сары қағаздар тек бір рет — ширек финалдан кейін «жанып» кететін. Бұл жүйе ойыншылардың финалдан сары қағаз себебінен шет қалмауына мүмкіндік беретін.
Сонымен қатар ФИФА ӘЧ-2026-да жаңа тәртіп енгізуді қарастырып отыр. Егер ойыншылар даулы сәттерде қарсыласына сөйлесіп тұрған кезде аузын қолмен жауып сөйлессе, олар сары емес, тікелей қызыл қағазбен жазалануы мүмкін.
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында Канада, АҚШ және Мексикада өтеді. Қазіргі әлем чемпионы — Аргентина, ал ең көп рет әлем чемпионы атанған құрама — Бразилия (5 рет).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан