Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Бүгін «Атлетико» мен «Арсенал» финал жолында кездеседі

Бүгін     «Атлетико» мен «Арсенал» финал жолында кездеседі

29 сәуірден 30 сәуірге қараған түні Мадридтегі «Метрополитано» стадионында Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалдық матчы өтеді. Онда Испанияның «Атлетико» клубы Англияның «Арсеналымен» кездеседі.

Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Биылғы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Атлетико» бельгиялық «Брюггені» (екі матч қорытындысы бойынша 7:4), ағылшындық «Тоттенхэмді» (7:5) және испаниялық «Барселонаны» (3:2) жарыс жолынан шығарды.

Ал «Арсенал» германиялық «Байерді» (3:1) және португалиялық «Спортингті» (1:0) жеңіп, жартылай финалға жетті.

Айта кетейік, қос команда осы маусымда жалпы кезеңнің бесінші турында кездескен. Ол матчта лондондық клуб өз алаңында 4:0 есебімен ірі жеңіске жеткен еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан