Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Бүгін Еуропа лигасында жартылай финал басталады

Бүгін Еуропа лигасында жартылай финал басталады

Фото: UEFA.com

Бүгін UEFA Еуропа лигасы жарылай финалының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың бұл сатысында «Брага», «Фрайбург», «Ноттингем Форест», «Астон Вилла» командалары сынға түседі.

Төрт команда екі жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда финалға жолдама алады.

Ойындар кестесі

«Брага» (Португалия) - «Фрайбург» (Германия)

«Ноттингем Форест» (Англия) - «Астон Вилла» (Англия)

Бұл ойындар арасынан «Ноттингем Форест» (Англия) - «Астон Вилла» (Англия) кездесуі Қазақстан уақытымен 23:50-де «Qazsport» тееларнасынан тікелей эфирде басталады.

Еуропа лигасы қазіргі атауымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып отыр. Бүгінге дейін испаниялық «Севилья» жеті (2006, 2007, 2014, 2015, 2016, 2020, 2023) мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Жартылай финал 30 сәуір және 7 мамыр күндері өткізіледі.

Финал 20 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.

Айта кетсек, бұдан бұрын 28 және 29 сәуірде футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында екі кездесу өткізілді.

Бұл ойындарда «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Арсенал» (Англия) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, франциялық «Пари Сен-Жермен» клубы Германияның «Бавариясын» 5:4 есебімен жеңді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан