Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ертіс» үй ойындарын Астанаға ауыстырды

ҚПЛ: «Ертіс» үй ойындарын Астанаға ауыстырды

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Қазақстан Премьер-Лигасындағы мамыр айындағы үй матчтарын басқа қалада өткізетінін хабарлады.

Орталық алаңда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты команда уақытша Астанадағы «Астана Арена» стадионында ойнайды.

Клубтың мәліметінше, бұл шешім Премьер-Лига талаптарына сәйкес қабылданған, өйткені «Астана Арена» аталған стандарттарға сай келеді.

«Ертіс» мамыр айында Астанада үш үй кездесуін өткізеді:

  • 2 мамыр — «Ертіс» — «Қайрат»
  • 16 мамыр — «Ертіс» — «Елімай»
  • 27 мамыр — «Ертіс» — «Ұлытау»

Айта кетейік, Павлодардағы орталық стадионда жасанды жабынды ауыстыру, автоматты суару жүйесін орнату және батыс трибунасын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда жеті турдан кейін «Ертіс» Қазақстан Премьер-Лигасының турнир кестесінде 12-орында келеді. Команда қоржынында 6 ұпай бар.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан