5 сағат бұрын
«Тобыл» орталық стадионға қайта оралуға жақын
Қостанайдың «Тобыл» клубы Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымында үй ойындарын бастапқыда жабық манежде өткізіп келген болатын. Енді команда негізгі аренасына қайта оралуға жақын, деп жазады AmanVIBE.
Ақпаратқа сәйкес, «Тобыл» өз алаңындағы алғашқы ойынын 11-тур аясында өткізуді жоспарлап отыр.
Қостанайлық клубтың қарсыласы — шымкенттік «Ордабасы». Кездесу 22 мамырға белгіленген.
Айта кетейік, бұл матч «Тобылдың» орталық стадиондағы жаңа маусымдағы алғашқы ресми ойыны болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан