7 сағат бұрын
Криштиану – «Алтын доп» үміткерлері қатарында
TNT Sports нұсқасы бойынша «Алтын допқа» үміткерлердің топ-10 тізімі жарияланды. Тізімге «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду да енді.
Рейтинг көшін Харри Кейн бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Майкл Олисе, Ламин Ямаль және Деклан Райс орналасқан. Сондай-ақ тізімде Килиан Мбаппе, Бруну Фернандеш, Усман Дембеле, Эрлинг Холанд және Витинья бар.
Айта кетейік, биыл португалиялық шабуылшы ішкі біріншілікте 26 матчқа қатысып, 25 гол соқты. Қазіргі таңда ол лиганың үздік сұрмергендер тізімінде алғашқы үштіктің қатарында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан