4 сағат бұрын
«Ордабасы» басқару жүйесін жаңартты
Шымкенттің «Ордабасы» клубының құрылымында кадрлық өзгерістер орын алды. Қазақстандық функционер Мақсат Тюмалиев клубтағы басшылық қызметтердің біріне тағайындалды, деп хабарлайды AmanVIBE.
Ол «Ордабасы» футбол орталығының директоры қызметін атқарады. Бұл қызметте Тюмалиев Айбек Тлеужанды алмастырды. Бұған дейін Тлеужан «Атырау» клубына ауысып, бас директор лауазымына тағайындалған болатын.
Айта кетейік, Мақсат Тюмалиев бұған дейін «Атырау» және «Ақтөбе» клубтарында бас менеджер қызметін атқарған. Осылайша, екі функционер өзара қызмет орындарымен алмасты деуге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Премьер-Лигасының жеті турында «Ордабасы» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді. Көш басында — «Қайрат».
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан