3 сағат бұрын
ҚФФ жағажай футболынан Қазақстан құрамасының тізімін жариялады
Қазақстан футбол федерациясы Әзербайжанда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған жағажай футболынан ұлттық құраманың құрамын анықтады.
Команда сапына енген ойыншылар:
Қақпашылар: Виктор Чорный, Дастамиден Дагиев, Даниель Кошкарев («Арман»);
Қорғаушылар: Саят Әшімов («Малайсары»), Станислав Макагон, Денис Гулый, Игорь Демешко, Михаил Кайзер, Владислав Шевчук («Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов, Жасұлан Исаев («Omega»);
Шабуылшылар: Баянбек Муралинов, Тимур Ершин, Ансат Мұратұлы, Алан Минбаев, Артур Деринг («Арман»), Арман Шотанов («Barqy»).
Жаттықтырушылар және әкімшілік штаб:
Кеңесші жаттықтырушы — Антон Шкарин,
Бас бапкердің міндетін атқарушы — Дмитрий Перевёртов,
Менеджер — Берік Өмірбаев,
Дәрігер — Эльдар Исаев,
Массажист — Мәди Надырбеков,
Медиа — Рауан Дәулетханов,
KFF Beach Soccer амбассадоры — Тимур Камашев.
Оқу-жаттығу жиыны 1–10 мамыр аралығында Баку қаласында өтеді. Жиын барысында Қазақстан құрамасы жаттығулар өткізіп, теориялық дайындықтан өтеді және Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесулер өткізеді.
Айта кетейік, бұл жиын ұлттық құраманың Еуролигадағы ойындарға дайындығындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан