2 сағат бұрын
«Ақтөбе» спорт директоры қызметінен кетті
«Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры Марат Хайруллин өз қызметінен кетті.
Тараптар келісімшартты өзара келісім бойынша бұзған. Хайруллин бұл қызметке өткен жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.
Айта кетейік, Қазан қаласының тумасы Марат Хайруллин ойыншылық мансабында «Ақтөбе» сапында 2007–2009 және 2010–2015 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Ол клуб тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі саналады. Сонымен қатар Қазақстанда «Оқжетпес», «Атырау», «Қайсар» және «Байқоңыр» командаларында ойнаған.
Қазіргі таңда ҚПЛ-да жеті турдан кейін «Ақтөбе» 10 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан