4 сағат бұрын
«Тұран» жеке жаттығу базасын сатып алуы мүмкін
Түркістандық «Тұран» футбол клубының жаңа иесі Дінмұхамед Идрисов командаға жеке жаттығу базасын сатып алу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды AmanVIBE.
Ақпаратқа сәйкес, Forbes тізіміне енген бизнесмен Түркістан қаласында орналасқан Turan Hotel базасына қызығушылық танытқан. Бұл нысан инфрақұрылым деңгейі бойынша Шымкенттегі «БИИК» базасына ұқсас деп бағалануда.
Аталған кешеннің құрамында табиғи және жасанды жабынды толық өлшемді футбол алаңдары, фитнес-залы бар жеке ғимарат, сондай-ақ команданың толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізуіне мүмкіндік беретін қонақүй блогы бар.
Айта кетейік, «Тұран» үшін жеке база клубтың инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан