2 сағат бұрын
«Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды
Жексенбі, 3 мамыр күні Англия Премьер-лигасының 35-туры аясында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды.
Матчтың тікелей трансляциясы 19:30-да (Астана уақыты) басталады. Ойынды онлайн форматта көруге болады.
Қазіргі таңда 34 ойыннан кейін «Манчестер Юнайтед» 61 ұпай жинаса, «Ливерпуль» 58 ұпаймен артта келеді.
Өткен турда «МЮ» өз алаңында «Брентфордты» 2:1 есебімен жеңсе, «Ливерпуль» «Кристал Пэласты» 3:1 есебімен тізе бүктірген.
Қос команданың соңғы кездесуі өткен жылдың қазан айында өтіп, онда «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Соңғы бес ресми ойында «МЮ» екі рет, «Ливерпуль» бір рет жеңіске жетсе, екі матч тең аяқталған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан