Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Ромащенко: «Жеңіліске лайық болмадық»

Ромащенко: «Жеңіліске лайық болмадық»

Қазақстан Премьер-лигасының 8-туры аясында «Тобыл» «Жеңіс» командасынан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін бас бапкер Мирослав Ромащенко ойынға қатысты пікір білдірді.

— Қарсылас команданы жеңісімен құттықтаймын, бірақ біздің ойымызша, біз жеңіліске лайық болған жоқпыз. Ойын тең өтті, кей сәттерде басымдық та бізде болды. Соңғы тұстарда сәл дәлдік жетіспеді, дегенмен мүмкіндіктер іздедік.
Екінші таймды біз жақсы өткіздік, ал қарсылас ұзын пастар мен екінші доптарға сүйенді. Біздің қақпаға қауіпті сәттер көп болмады. Ал бізде екі айқын мүмкіндік болды. Пенальти туралы пікір білдірмеймін — бұл төрешінің шешімі, — деді бапкер.

Сондай-ақ ол командада жарақат алған ойыншылар көп екенін айтып, соған қарамастан футболшылардың жанкештілік танытқанын атап өтті.

Қазіргі таңда 8 турдан кейін «Тобыл» 5 ұпаймен 14-орында тұр. «Жеңіс» 10 ұпаймен 11-сатыға көтерілді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан