2 сағат бұрын
«Реал» қақпашысы «Интерге» ауысуы мүмкін
Мадридтік «Реалдың» украиналық қақпашысы Андрей Лунин алдағы трансферлік терезеде клубтан кетуі мүмкін.
Ақпаратқа сәйкес, 27 жастағы қақпашы негізгі құрамда тұрақты ойнауға мүмкіндік беретін ұсыныстарды қарастыруда. Ол өз мансабында бірінші нөмір болғысы келетін клубқа ауысуды көздеп отыр.
Мәліметтерге қарағанда, Лунинге Италияның «Интер» клубы қызығушылық танытып отыр. Алайда мадридтік клуб ойыншымен оңай қоштасуға дайын емес және оны 30 миллион еуроға бағалап отыр.
Андрей Лунин «Реалға» 2018 жылы украиналық «Заря» клубынан 8,5 миллион еуроға ауысып келген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан