Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Алаңда фол сұрап, көп уақытымызды босқа өткізіп аламыз». Нани ренішін айтты

«Алаңда фол сұрап, көп уақытымызды босқа өткізіп аламыз». Нани ренішін айтты

«Ақтөбе» ФК

Португалиялық танымал футболшы, «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Луиш Нани Қазақстан чемпионатының ерекшеліктеріне қатысты өз ойын айтты.

Тәжірибелі вингердің сөзінше, ол әлі де жергілікті футбол жағдайына толық үйреніп үлгермеген.

«Шынымды айтсам, мен Қазақстан футболының шарттары мен қазіргі жай-күйіне бейімделіп жатырмын. Әрине, көңіл күйімді түсіретін жайттар өте көп. Бірақ оған амал жоқ, көнуге тура келеді. Әсіресе ойында фол сұрап, көп уақыт жоғалтамыз. Төрешінің назарын аудартқымыз келеді, бірақ ол қарамайды. Матчтағы уақыттың көп бөлігі осылай өтеді. Әлбетте, бұл да Қазақстан футболының бір бөлігі екенін естен шығармаймын. Мен мұнда ойнау үшін келдім, тезірек бейімделуге тырысамын», - деді Нани.

Айта кетейік, бұған дейін Луиш Нани Еуропаның бірқатар алпауыт клубында өнер көрсеткен. Оның ішінде «Манчестер Юнайтед» сапында төрт рет Англия Премьер-лигасын және бір мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Сондай-ақ ол Португалия ұлттық құрамасы құрамында 100-ден астам матч өткізіп, 2016 жылы Еуропа чемпионы атанған.

Еске салсақ, жуырда «Ақтөбе» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында «Ордабасы» клубынан 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Нани бұл нәтижені әділетсіз деп атап, командасының кем дегенде тең ойынға лайық болғанын жеткізді.

Сонымен қатар тәжірибелі футболшы Қазақстан Кубогының 1/8 финалында дубль авторы атанып, жаңа клубындағы алғашқы голдарын соқты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан