Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

ЧЛ: «Бавария» «ПСЖ»-ны қабылдайды

ЧЛ: «Бавария» «ПСЖ»-ны қабылдайды

7 мамырға қараған түні Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матч өтеді. Онда германиялық «Бавария» өз алаңында франциялық «ПСЖ»-ны қабылдайды.

Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Еске салайық, Парижде өткен алғашқы ойында «ПСЖ» тартысты кездесуде «Баварияны» 5:4 есебімен жеңген еді. Француз клубы сапынан Хвича Кварацхелия (24, 56), Усман Дембеле (45+5, пенальтиден, 58) және Жоау Невеш (33) гол соқты. Ал «Бавария» құрамында Харри Кейн (17, пенальтиден), Майкл Олисе (41), Дайо Упамекано (65) және Луис Диас (68) мергендік танытты.

Айта кетейік, «ПСЖ» — Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы. Былтыр финалда Луис Энрике шәкірттері миландық «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан