6 сағат бұрын
Максим Самородов: «Гол соғу — менің жұмысым»
Грозныйдың «Ахмат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов матчтан кейін өз ойымен бөлісті.
Ресей Премьер-лигасының 28-туры аясында «Ахмат» «Пари НН» командасын 2:0 есебімен жеңді. Екінші таймда грозныйлық клуб екі гол соғып, жеңісті қамтамасыз етті.
— Нәтижеге көңіліміз толады, үш ұпай алдық. Бірінші таймда қорғаныста қателіктер болды, шабуылда бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмадық. Екінші таймда бәрін түзедік, содан кейін екі гол соқтық, — деді Самородов.
Сондай-ақ ол өз ойынына баға беруге қиналатынын айтты.
— Өз ойынымды бағалауды ұнатпаймын. Бірақ алаңда белсенді болуым керек, командаға пайда келтіруге тырысамын. Гол соғу мен пас беру — бұл менің жұмысым, — деді шабуылшы.
Айта кетейік, «Ахмат» 35 ұпаймен Ресей чемпионатында 9-орында тұр. Келесі ойынын команда 10 мамырда өткізеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан