3 сағат бұрын
ҚФФ бас хатшысы қызметіне кірісу мерзімі белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа бас хатшысы Скотт Мунн Қазақстандағы қызметін бастауға қатысты алғашқы жоспарларын айқындады.
Мәліметке сәйкес, жаңа бас хатшы келесі аптада Қазақстанға келеді. 15–16 мамыр күндері ол федерацияның бөлім басшыларымен және жауапты мамандарымен алғашқы жұмыс кездесулерін өткізеді.
Алайда Скотт Мунн ресми түрде өз міндетіне 2026 жылдың 13 шілдесінде кіріседі. Бұл күн бұған дейін федерацияның атқару комитеті бекіткен шешімде көрсетілген.
Айта кетейік, Скотт Мунн бұған дейін Англия Премьер-лигасындағы «Тоттенхэм Хотспур» клубында футбол директоры қызметін атқарған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан