2 сағат бұрын
«Арсенал» мен «Атлетико» шешуші ойын өткізеді
6 мамырға қараған түні Лондондағы «Эмирейтс» стадионында Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матч өтеді. Онда ағылшындық «Арсенал» испаниялық «Атлетиконы» қабылдайды.
Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 00:00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.
Еске салайық, Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өткен алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. «Арсенал» сапынан 44-минутта Виктор Дьёкереш пенальтиден гол соқса, 56-минутта «Атлетико» сапынан Хулиан Альварес есепті теңестірді.
Айта кетейік, осы маусымдағы плей-офф кезеңінде «Арсенал» «Байер» мен «Спортингті» жарыс жолынан шығарса, «Атлетико» «Брюгге», «Тоттенхэм» және «Барселонаны» жеңіп, жартылай финалға жетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан