7 сағат бұрын
Артета: «Мұндай сәт өте ауыр»
Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матчтан кейін мадридтік «Атлетико» жаттықтырушысы Диего Симеонеге қолдау білдірді.
— Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Мақсатқа жақындап келіп, одан айырылып қалу кез келген адам үшін ауыр. Мен оны түсінемін, өйткені мұндай жағдайды өзім де бастан өткергенмін, — деді Артета.
Еске салайық, кездесуде «Арсенал» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын 45-минутта Букайо Сака соқты.
Осылайша, лондондық клуб финалға жолдама алды. «Арсенал» шешуші ойында «Бавария» мен «ПСЖ» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан