7 сағат бұрын
Қазақстан U-16 қыздар құрамасы УЕФА турнирінде жеңілді
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Талғар қаласында өтіп жатқан УЕФА даму турнирінде Израиль командасына қарсы матч өткізді.
Кездесу 1:2 есебімен қазақстандықтардың жеңілісімен аяқталды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын 68-минутта Милена Николенко соқты. Осылайша, Юлия Мамонова шәкірттері турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін олар Эстония құрамасын 5:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Айта кетейік, турнирдегі соңғы ойында Қазақстан құрамасы 8 мамыр күні Өзбекстан командасымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан