5 сағат бұрын
«Қайрат» матч алдында негізгі ойыншысынан айырылды
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған 20-туры аясында «Қайсарға» қарсы ойын алдында құрамдағы өзгерістер туралы білді.
Мәліметке сәйкес, команда бүгінгі матчқа үздік сұрмергені Жоржиньосыз шығады. Португалиялық футболшы сары қағаздардың көп жиналуына байланысты ойынды өткізіп алады және командамен бірге Қызылордаға бармаған.
Сонымен қатар, «Қайрат» сапында жағымды жаңалық та бар. Израильдік жартылай қорғаушы Дан Глейзер жарақатынан айығып, қатарға қайта қосылды. Ол соңғы алты матчты өткізіп алған еді және наурыз айының соңынан бері алғаш рет алаңға шығуы мүмкін.
Айта кетейік, «Қайсар» — «Қайрат» матчы бүгін, 6 мамыр күні сағат 19:00-де өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан