4 сағат бұрын
«Ақтөбемен» келіссөз жүргізген Халк жаңа клуб таңдады
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Халк ресми түрде «Флуминенсе» клубының ойыншысы атанды.
39 жастағы футболшы жаңа клубпен 2027 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол 2021 жылдан бері өнер көрсеткен «Атлетико Минейродан» кеткен болатын.
Халк өз мансабында «Витория», «Кавасаки Фронтале», «Токио Верди», «Порту», «Зенит» және «Шанхай Порт» клубтарында ойнаған. «Атлетико Минейро» сапында 309 матч өткізіп, 140 гол соғып, 56 нәтижелі пас берген. Бразилия құрамасымен бірге 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанып, Конфедерациялар кубогін жеңіп алған.
Айта кетейік, бұған дейін Халктың «Ақтөбемен» келіссөз жүргізгені туралы ақпарат тараған еді, алайда ойыншының агенті жылына 10 миллион доллар жалақы талап еткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан