3 сағат бұрын
«Атырау» — «Ақтөбе» ойынының өтетін орны өзгерді
Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аясындағы «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч өтетін орынға өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды AmanVIBE.
Мәліметке сәйкес, клубтар өзара келісімге келіп, үй матчтарын алмастырған. Соның нәтижесінде 16 мамырда жоспарланған маңызды кездесу Түркістанда емес, Ақтөбеде — Қобыланды батыр атындағы стадионда өтеді.
Бұл шешім «Ақтөбе» үшін тиімді болмақ. Себебі команда 13 мамыр күні де өз алаңында Қазақстан кубогының ширек финалында «Алтайға» қарсы ойнайды. Осылайша, клуб қосымша жол жүруден құтылып отыр.
Матчтың орын ауысуына 16 мамырда Түркістанда өтетін ірі бизнес-форум себеп болған. «Атырау» осы маусымда үй ойындарын дәл осы қалада өткізіп жүр. Осы жағдайға байланысты тараптар үй ойындарын алмастыруға келіскен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан