5 сағат бұрын
Мадридтік «Реал» жартылай қорғаушыны күшейтпек
Мадридтік «Реал» «Челсидің» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандесті өз қатарына қосуға ниетті.
Ақпаратқа сәйкес, испаниялық клуб орталық алаңды күшейту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр және 25 жастағы аргентиналық футболшыны негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырады. Дегенмен, ойыншыға қызығушылық танытқан клубтар саны көп. Оның қатарында «Манчестер Сити» мен «Арсенал» да бар.
Энцо Фернандестің «Челсимен» келісімшарты 2032 жылға дейін жарамды. Футболшы өз болашағына қатысты шешімді 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қабылдамақ.
Мамандар бұл трансфер Еуропа нарығындағы ең бәсекелі мәмілелердің бірі болуы мүмкін екенін айтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан