3 сағат бұрын
Компани: «Келесі маусымда бәрін өзгертеміз»
Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Венсан Компани «ПСЖ»-ден жеңілгеннен кейін Чемпиондар лигасындағы төрешілік пен келесі маусым туралы ойын айтты.
— Келесі маусымда кейбір төрешілік шешімдер бізге де тиімді болар деп үміттенемін. Чемпиондар лигасын жеңу қаншалықты қиын екенін білемін. Біз келесі маусымда бар күшімізді салып, жақсырақ нәтиже көрсетуге тырысамыз, — деді Компани.
Айта кетейік, «Бавария» жартылай финалда «ПСЖ»-ға жалпы есеп бойынша жол беріп, турнирден шығып қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан