3 сағат бұрын
Левандовски «Барселонадан» кетуі мүмкін
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски каталондық клубтағы болашағына қатысты нақты шешімге келмей отыр.
Испаниялық Sport басылымының мәліметінше, 37 жастағы поляк форварды жақын күндері өз агенті Пини Захавимен кездесіп, мансабын қайда жалғастыратынын талқылайды. Қазіргі келісімшарт маусым айының соңында аяқталады, алайда тараптар әлі ұзарту жөнінде келісімге келмеген.
Егер Левандовски «Барселонадан» кетсе, ол «Ювентус», MLS клубтары немесе Сауд Арабиясы чемпионатында өнерін жалғастыруы мүмкін. Сауд лига басшылығы да футболшының жазғы трансфердегі басты мақсаттардың бірі екенін растаған.
Осы маусымда Роберт Левандовски 18 гол соққан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан