3 сағат бұрын
«Реал» жартылай қорғаушысынан айырылды
Мадридтік «Реал» жартылай қорғаушы Федерико Вальверденің жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Клубтың медициналық қызметінің тексеруінен кейін уругвайлық футболшыда бас-ми жарақаты анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, Вальверде қазіргі уақытта үйінде жақсы жағдайда, бірақ медициналық хаттамаға сәйкес 10–14 күн демалуы қажет.
Осылайша, ол алдағы Ла Лига аясындағы «Барселонаға» қарсы Эль-Класико матчына қатыспайды. Кездесу 10–11 мамыр түнінде өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Вальверде мен командадағы әріптесі Орельен Тчуамени арасында жанжал болғаны туралы ақпарат тараған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан