Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

«Ливерпуль» жазда ауқымды трансфер жасамақ

«Ливерпуль» жазда ауқымды трансфер жасамақ

Англияның «Ливерпуль» клубы алдағы жазғы трансферлік терезеде құрамды айтарлықтай жаңартпақ.

Журналист Джеймс Пирстің мәліметінше, клуб кемінде бес жаңа футболшымен келісімшарт жасауды жоспарлап отыр. Бұл шешім Мохаммед Салах пен Энди Робертсонның кетуіне байланысты қабылданған.

Команданың басты мақсаты — шабуыл шебін күшейту, орта алаңды нығайту және қорғаныстың екі қапталын жаңарту.

«Ливерпуль» Салахтың орнына оң қаптал шабуылшысын, сондай-ақ ауыр жарақат алған Уго Экитике орнына жаңа форвард іздеуде. Бұдан бөлек, жартылай қорғау мен қорғау сызығына да күшейтулер қарастырылуда.

Мүмкін трансфер нысандары ретінде Ян Дьоманде, Энтони Гордон, Адам Уортон, Алехандро Бальде және Дензел Думфрис аталып отыр.

Айта кетейік, өткен жазда мерсисайдтық клуб құрамды жаңартуға шамамен 440 миллион фунт жұмсаған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан