Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

«Атыраудың» жаңа кезеңі басталды ма?

«Атыраудың» жаңа кезеңі басталды ма?

ҚПЛ-дың 9-туры аясында Көкшетауда өткен матчта жергілікті «Оқжетпес» пен «Атырау» командалары 0:0 есебімен тең тарқасты. Гол соғылмағанымен, кездесуде тартыс пен күрес жетерлік болды. Батыстан келген жанкүйерлер де командаларын қолдаусыз қалдырмай, алыс сапарға қарамастан Көкшетауға арнайы жетті. Ойыннан кейін «Атырау» жанкүйерлері матч пен клуб төңірегіндегі пікірлерімен бөлісті.

— Бүгінгі командалардың ойынына қандай баға бересіз? Көңіліңізден шықты ма?

— Бүгін команда жаман ойын көрсеткен жоқ. Фан-база атынан айтсақ, жігіттердің алаңда барын салып ойнағаны көрінді. Ең бастысы — командада мінез бар, соңына дейін күресті.


— «Атырау» футбол клубын қолдау үшін алыс шақырымды еңсеріп, Көкшетауға келдіңіздер. Жалпы, сапар қалай өтті?

— Көкшетауға сапар жақсы өтті. Алыс жол болса да, біз үшін ол кедергі емес. Команданы қолдау үшін әрқашан дайынбыз. Жол бойы да атмосфера жақсы болды, бәріміз бір отбасы сияқты келдік. Қай қала болса да, «Атырау» деп бар даусымызбен қолдаймыз.

— Соңғы уақытта мұнайшылар жанкүйерлермен байланысты күшейтіп жатыр деген ақпараттар тарап жатыр. Бұл тұрғыда клуб жұмысына қандай баға бересіз?

— Соңғы уақытта клуб пен жанкүйер арасындағы байланыс жақсарып келе жатыр. Бүгін жаңа инвестор Болат Қонарбайдың өзі келіп, атмосфераны көріп, жанкүйерлермен бірге болғаны да жақсы әсер қалдырды. Бұл клубтың болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. «Ел үмітін ер ақтар» дейді ғой, енді бәріміз клубтың жаңа кезеңіне сеніммен қараймыз. «Атыраудың» прайм дәуірі енді басталып жатыр десек болады.


— Көкшетауға сапар «Атырау» жанкүйерлерінің алғашқы сапары болды ма?

— Жоқ, бұл алғашқы сапар емес. Бұған дейін де командамен бірге басқа қалаларға барғанбыз. Выездтер жанкүйерлерді біріктіріп, клубқа деген махаббатты күшейтеді.


— Командадан алдағы уақытта не күтесіз? Маусым сіздер үшін қалай аяқталады деп ойлайсыздар?

— Алдағы уақытта командадан жақсы нәтиже күтеміз. Ең бастысы — тұрақты ойын мен жанкүйер сенімін ақтау. «Адам құлағаннан кейін тұрса, ол — физика емес, мінез» дейді. Нағыз мінез енді оянады деп ойлаймыз. Біз әрқашан команданың жанында боламыз және маусымды жақсы аяқтайды деп сенеміз.


«Атырау» осы ойыннан кейін 11 ұпаймен оныншы орында келеді, ал «Оқжетпес» 16 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан