5 сағат бұрын
Шолу І Видео І«Барселона» - 2025/26 маусымындағы Испания чемпионы
Испанияның Ла Лигасының 35-туры аясында «Барселона» мен мадридтік «Реал» кездесті. Матч Барселона қаласында өтті. Кездесудің бас төрешісі Алехандро Эрнандес болды.
Ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы алғашқы голды тоғызыншы минутта Маркус Рэшфорд соқты. Ал 18-минутта Ферран Торрес «Барселонаның» басымдығын еселей түсті. Осылайша ойын 2:0 есебімен аяқталды.
Осы жеңістен кейін «Барселона» мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды. Команда 91 ұпаймен Ла Лига турнирлік кестесінің көшін бастап тұр. Ал мадридтік «Реал» 77 ұпаймен екінші орында келеді. Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалды.
«Барселона» Испания чемпионатын тарихында 29-рет жеңіп алды.
Келесі турда Ханс-Дитер Фликтің командасы 13 мамыр күні сырт алаңда «Алавеспен» кездеседі. Ал Альваро Арбелоаның шәкірттері бір күннен кейін өз алаңында «Овьедомен» ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан