Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

ҚПЛ матчынан кейін жанкүйерлер арасында жанжал болды

ҚПЛ матчынан кейін жанкүйерлер арасында жанжал болды

Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында Өскеменде өткен «Алтай» – «Ордабасы» кездесуінен кейін жанкүйерлер арасында түсініспеушілік орын алды. Жағдайға полиция қызметкерлері араласып, тәртіп бұзушылықтың ушығуына жол бермеді.

Ведомствоның мәліметінше, матч кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлері екі клуб жанкүйерлері арасындағы сөздік қақтығысты дер кезінде тоқтатқан. Бір жанкүйер қонақ команда өкілдеріне қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтқан. Полицейлер оқиғаны бірден бақылауға алып, зачинщикпен профилактикалық әңгіме жүргізген. Соның нәтижесінде жағдайдың өршуіне жол берілмеді.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ойын аяқталғаннан кейін «Алтай» жанкүйерлері қонақ секторына жақындап, шымкенттік жанкүйерлермен сөзге келген.

Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Матчтан кейінгі тәртіп бұзушылықтан кейін де қоғамдық қауіпсіздік толық қамтамасыз етілгені хабарланды.

Чемпионат кестесінде Ордабасы 9 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, екінші орында келеді және әлі жеңіліс көрмеген. Ал Алтай 6 ұпаймен 14-орында тұр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан