5 сағат бұрын
Қазақстан Кубогы: 1/4 финал кестесі жарияланды
13 мамыр күні Қазақстан Кубогының ширек финалдық кездесулері өтеді.
1/4 финал, 13 мамыр:
- 19:00 — «Жеңіс» — «Қызылжар» (YouTube KFF League)
- 19:00 — «Ақтөбе» — «Алтай» (YouTube KFF League)
- 20:00 — «Қайсар» — «Тобыл» (SPORT+)
- 20:00 — «Ордабасы» — «Жетісу» («Qazsport»)
Бұл кезеңде жеңімпаз бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. Тек жартылай финалда ғана екі ойыннан тұратын жүйе қолданылады.
Айта кетейік, Қазақстан Кубогының рекордсмені — «Қайрат» (10 рет жеңімпаз). Сонымен қатар «Астана», «Жеңіс» және «Тобыл» клубтарының еншісінде үш-тен кубок бар. Өткен жылы финалда «Тобыл» «Ордабасыны» 2:0 есебімен жеңіп, трофейді иеленген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан