Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

«Әл-Наср» 98-минутта жеңісті уыстан шығарып, мерзімінен бұрын чемпион атану мүмкіндігін жіберіп алды

«Әл-Наср» 98-минутта жеңісті уыстан шығарып, мерзімінен бұрын чемпион атану мүмкіндігін жіберіп алды

Сауд Арабиясы чемпионатының 32-туры аясында Эр-Риядта маусымның басты матчтарының бірі өтті. Турнир көшбасшысы «Әл-Наср» өз алаңында басты қарсыласы «Әл-Хиляльді» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесуге дейін «Әл-Насрдың» еншісінде 82 ұпай болса, «Әл-Хиляль» 77 ұпаймен екінші орында тұрған еді. Тартысқа толы матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 37-минутында Мохамед Симакан есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда матчтың соңғы секундтарында, нақтырақ айтсақ 90+8 минутта «Әл-Хиляль» есепті теңестіріп кетті. Бентоның өз қақпасына соққан добы «Әл-Насрды» жеңістен айырды.

Команданың шабуылшысы әрі капитаны Cristiano Ronaldo матчты негізгі құрамда бастап, 83-минутта ауыстырылды.

Осы нәтижеден кейін «Әл-Наср» 83 ұпайға жетті, бірақ мерзімінен бұрын чемпион атану мүмкіндігін пайдалана алмады. Ал «Әл-Хиляльдің» қоржынында 78 ұпай бар.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан