5 сағат бұрын
«Барселона» мен «Реал» арасындағы дау ушықты
«Барселона» клубы президенті Флорентино Перестің баспасөз мәслихатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты заңгерлерінің тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.
«Біздің заңгерлер “Реал” президенті Флорентино Перестің баспасөз мәслихатында айтқан айыптауларын зерттеп жатыр. Барлық жағдайды егжей-тегжейлі қарап шығамыз. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз», – делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, бұған дейін Флорентино Перес «Негрейра ісіне» қатысты пікір білдіріп, «Барселонаның» Ла Лигадағы жеті чемпиондық атағына байланысты сын айтқан еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан