7 сағат бұрын
Перес: «Клубтан ең соңғы болып мен кетемін»
Мадридтік «Реал» клубының президенті Флорентино Перес өз қызметінен кетуі мүмкін деген әңгімелерге жауап беріп, клубтағы жұмысын жалғастыратынын айтты.
Перестің сөзінше, испан баспасөзі оның болашағы төңірегіндегі қауесеттерді шамадан тыс талқылап, клубтағы жағдайды өз мүддесіне пайдалануға тырысқан.
«Мен кетпеймін. Клубтан ең соңғы болып шығатын адам — мен боламын. «Реалдың» иелері — клуб мүшелері. Егер біреу президенттікке үміткер болғысы келсе, ашық түрде шығып, клубты қалай қаржыландыратынын түсіндіруі керек», — деді Перес.
Сондай-ақ «Реал» басшысы 2000 жылы клуб қиын жағдайда қалған кезде ойыншылардың жалақысын төлеу үшін жеке қаражатынан қаржы салғанын еске алды. Оның айтуынша, бүгінде мадридтік клуб тұрақты қаржылық жағдайда.
Бұдан бөлек, Перес командаға келуі мүмкін жаңа бапкер туралы сұраққа нақты жауап бермей, қазір басты мақсат клубты сыртқы ықпалдан қорғау екенін жеткізді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан