Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Жұмасқалиев ресми түрде «Ертіс» бапкері атанды

Жұмасқалиев ресми түрде «Ертіс» бапкері атанды

Павлодардың «Ертіс» клубы қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиевті команданың бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындады.

Келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.

Нұрбол Жұмасқалиев — Қазақстан чемпионаттары тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Ол ел біріншілігінде 526 матч өткізіп, 167 гол соққан рекордсмен саналады. Карьерасының басым бөлігін «Тобыл» сапында өткізгенімен, 2017 жылы «Ертіс» сапында да өнер көрсетті.

Сонымен қатар ол Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Кубок және Суперкубок иегері, сондай-ақ Интертото кубогының жүлдегері.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Тобыл» клубында түрлі қызметтер атқарып, бапкерлік тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ ұлттық және жастар құрамаларында бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Жаңа бапкердің көмекшілері болып Данияр Мұқанов пен Олег Недашковский тағайындалды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан