2 сағат бұрын
Қазақстандық киберспортшы eChampions League жолдамасын алды
«Шахтер» клубының өкілі Данияр Шарабадин қазақстандық клуб тарихында алғаш рет eChampions League турниріне қатысатын ойыншы атанды.
Данияр «DAN1K» Шарабадин бұл мүмкіндікке алғашқы eКПЛ турнирінде жеңіске жеткеннен кейін ие болды. Жарыстың алғашқы кезеңі 15–16 мамыр күндері Англияның Манчестер қаласында өтеді.
Қазақстандық киберспортшы топтық кезеңде «Манчестер Сити», «Хольштайн», «Аякс», «Кадис», «Нефтчи» және «Труа» клубтарының өкілдерімен кездеседі.
Топтық кезеңнен сүрінбей өткен қатысушылар турнирдің финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Ол Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтеді. Айта кетейік, eChampions League жарысының жүлде қоры 281 мың долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан