2 сағат бұрын
Неймар әлем чемпионатына бара ма?
Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына команданың үздік сұрмергені Неймардың қатысу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Неймарды тек жанкүйерлер ғана емес, футболшылардың өзі де қатты жақсы көреді. Бұл да маңызды фактор. Өйткені оның шақырылуына байланысты қалыптасатын атмосфераны ескеру керек. Оның келуі киім ауыстыру бөлмесінде үлкен жарылыс әсерін тудырмайды. Оны бәрі жақсы көреді, оған жақсы қарайды. Ойыншылардың пікір айтуы да қалыпты нәрсе деп ойлаймын.
Маған кеңес бергендердің бәріне алғыс айтамын. Бірақ соңғы шешімді осы тапсырмаға ең лайық адам қабылдауы керек, ол - мен», — деді Анчелотти Reuters агенттігіне.
Бұған дейін 34 жастағы «Сантос» шабуылшысы Бразилияның ЧМ-2026 үшін 55 адамнан тұратын алдын ала құрамына енгені белгілі болған. Алайда соңғы тізімге тек 26 ойыншы ғана кіреді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов